Бұл өмірден қас пен көздің арасында, аққан жұлдыздай өте шыққан қысқа ғұмыр иесі - Тобық. Сол қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінде өз есімін жазып кеткен де – Тобық. Жастайынан тағдырдың қатал сынынан өткен Тобық Жармағамбетов – 1934 жылы 15 қазанда Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Тобықтың әкесі Мұрзағұл 1909 жылы туылған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыста өлген. Тобықтың шешесі Нұрбибі 1914 жылы туылған. 1966 жылы ауырып ауыр науқастан қайтыс болады. Отбасында төрт бала тәрбиеленеді ұлы Тобанияз (кейін Тобық толып кеткен) қыздары- Әсем, Сұлу, Тілектес. Әкеден ерте қалған балалар нағашысы әрі жездесі Айтжан мен әпкесі Нәбираның қамқорлығында тәрбиеленеді. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік уневерситетінің филология факультетін қызыл дипломмен бітірген соң туған ауылына келіп, мұғалімдік қызмет атқарған. Өзінің туып-өскен, оқыған жерінде Сәпия есімді жарға үйленіп, Марат, Серік Сая есімді балалары дүниеге келеді. 1953 жылы 9 наурыз күні үйі тілсіз жау қызыл жалынға оранып, әжесі Ағлақ пен ағасының балалары сол үйде болып өртеніп кетеді.
Алғашқы әңгімелері студент кезінде-ақ көріне
бастаған. Жазушы Байғанин аудандық «Жаңа өмір,» облыстық «Коммунизм жолы»
газеті редакцияларында, Ақтөбе телевизия
студияларында қызмет істеген кезінде еңбекқорлығынан танбай, талай
әңгіме-повестер жазған.Тағдырдың тастай етіп берген қысқа ғұмырында жазушы 7 повесть,
18 әңгіме жазыпты. Жазушының қаламынан туған «Нәзік
бұлттар», «Екі жүрек», «Сентябрь түні», «Қызыл ай», «Соңғы хат», «Отамалы» кітаптарын бүгінгі оқырманға мұра етіп қалдырды. Бұлар – бірінің
ізін бірі суытпай жазылған туындылары, көз майын тауысып, ақ қағазға сыр
шерткен шығармашылық ізденісі. тіпті 1984 жылы шыққан «Ақ жауын» атты бір томдығын бүгінгі мектеп
оқушылары мен студенттер іздеп оқиды. Жалпы жазушының қай
шығармасын алсақта өзінің өмірі, өзінің
көрген қиыншылығынан туындағандай.
Жазушы жүрек ауру сырқатынан 1973 жылдың 1 қазанында қайтыс болып, туған жері Жарқамыс ауылында 4 қазанда жерленді. Ол
өмірінің соңғы жылдарында ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық қоғам
төрағасының орынбасары қызметінде істейді. Қай жерде болмасын, айналасындағы
адамдар тағдырына араласа жүріп, солардың өмірі туралы толғанған, сол
толғаныстарын қағазға түсіріп кеткен. Қарауылкелді
селосында Тобық атында тір көше бар. Жазушыны танытқан да, балапандарын
өрбіткен жанұясымен бірге
тұрған құтты мекені Көкжар көшесі, 19 үйге ескерткіш тақта қойылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий