Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде менде асыр сап,
Сол Жемнен менде су ішкем.

Тобық

Іс-шаралар

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің

«Оқитын өлке» акциясы бойынша

Жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларына

арналған іс-шара Жоспары

Өткізілетін іс-шара тақырыбы
Түрі
Өткізілетін мезгілі
Жауаптылар
1.
«Оқитын өлке» акциясы Тобық Жармағамбетов  90 жаста
«Тобық- Тағдыр»
акцияның ашылуы
кітап көрмесі
сәуір
Әдістемелік бөлім, Оқу залы
2
«Тобықтың мәңгі мұрасы»
Кітапханалық блог
Наурыз-сәуір
Қобда ОКЖ
3
«Сезімтал суреткер»
Шығармаларын бейнелеу
сәуір
Абонемет бөлімі
3
«Жыр арқауы -Тобық»
Әдеби тақырыптық кеш,слайд
сәуір
абонемент
4
«Талантымен танылған тұлға»
Интернет-конференция
сәуір
Орталық кітапхана
5
«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз –Т.Жармағамбетов»
Оқырмандар конференциясы
сәуір
Бегалы а/кітапханасы
6
«Ел есінде қалған Тобық»
(Дәстүрлі емес кітап көрмесі.)     Бір кітаптың көрмесі
сәуір
Құрсай ауылдық кітапханасы
7
«Қарымы мол қаламгер»
Шығарма байқауы
Наурыз-сәуір
Ақырап ауылдық кітапханасы
8
«Табиғатпен тамырлас талант»
Еске алу кеші
сәуір
Калиновка ауылдық кітапханасы
9
«Отамалы»
Оқырмандар конференция
сәуір
Әлия ауылдық модельді кітапханасы
10
«Кемел ойдың көкжиегі»
Әдеби кеш
сәуір
Жиренқопа ауылдық модельді кітапханасы
11
«Жүйрік қаламгер, асыл тұлға»
Библ. шолу
сәуір
Жиренқопа ауылдық модельді кітапханасы


Талантымен танылған тұлға
(танымдық  интернет конференция)

Жүргізуші және сценарий құрастырушы:
Оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  меңгерушісі
Қизатова Назира Қоздайқызы

        Қайырлы күн құрметті оқырмандар!  Қош келдіңіздер!
23-сәуір- дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні. Сонымен қатар бұл күндері  «Бір ел- бір кітап», «Оқитын өлке» акциялары бойынша әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Биылғы жылы «Оқитын өлке» акциясына белгілі жерлес жазушымыз, қазақ әдебиетінің өзінің ерекше қалам қуатын, тың қадамын таныта келген жаңаша қаламгер  жасындай отыз тоғыз жыл ғұмыр кешкен талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» еңбегі ұсынылып отыр. Ендеше қадірменді біздің бүгінгі оқырмандар  «Талантымен танылған тұлға» атты танымдық интернет конференциямыз біздің жерлес жазушымыз Тобық Жармағамбетов ағамыздың шығармашылығына арналады.
Біздің  бұл іс-шарамызға ғаламтор  байланысы арқылы Тобық ағамыздың қарындасы Әсем Жармағамбетова апамыз  және жазушының жары үш баласының анасы, артында қалған мұрасының  шырақшысы Сәпия Жармағамбетова апаларымыз байланыста болады.
Туған жер қойныңда өстім еркелікпен
Ұстадым қанбағымды желмен кеткен
Кеудемді  аңызаққа қарсы қойдым
Өсіппін  суарылып ыза-кекпен – деп жырлаған екен.
Ендеше жазушының өмір жолына жасөспірім бөлімінің кітапханашысы Елеусинова Жанат  Ғалелқызы таныстырады:
Жас қатарда – жүректің,                                                                                                                   Жазылмайтын жарасы.                                                                                
Сәлем саған, ер Тобық
 Мұрзағұлдың баласы    деп  ақын Өтежан Нұрғалиев жырлағандай  бұл өмірден қас пен көздің арасында, аққан жұлдыздай өте шыққан қысқа ғұмыр иесі - Тобық. Сол қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінде өз есімін жазып кеткен де – Тобық.  Жастайынан тағдырдың қатал сынынан өткен  Тобық   Жармағамбетов – 1934 жылы 15 қазанда Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында  дүниеге келген.  Тобықтың әкесі Мұрзағұл 1909 жылы туылған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыста қаза  болған.






Тобықтың шешесі Нұрбибі 1914 жылы туылған. 1966 жылы  ауырып ауыр науқастан  қайтыс болады.                                                                                     Отбасында төрт бала тәрбиеленеді ұлы Тобанияз (кейін Тобық болып кеткен)   қыздары- Әсем, Сұлу, Тілектес. Әкеден  ерте қалған балалар нағашысы әрі жездесі Айтжан мен әпкесі  Нәбираның қамқорлығында  тәрбиеленеді.             1957 жылы Қазақ Мемлекеттік уневерситетінің филология факультетін  қызыл дипломмен бітіреді. Туған ауылына оралып,   алғаш еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастайды.                                 
  Өзінің туып-өскен, оқыған жерінде Сәпия есімді жарға үйленіп, Марат, Серік Сая есімді балалары дүниеге келеді.                         
     1953 жылы 9 наурыз күні тұрған үйлері тілсіз жау қызыл жалынға оранып,  әжесі Ағлақ пен ағасының балалары  сол үйде болып өртеніп кетеді.                Жазушының алғашқы әңгімелері студент кезінде-ақ көріне бастаған. Байғанин аудандық «Жаңа өмір» облыстық «Коммунизм жолы» газеттері редакцияларында,  Ақтөбе телевизия студияларында қызмет істеген кезінде еңбекқорлығынан танбай, талай әңгіме-повестер жазған.                                Тағдырдың тастай етіп берген қысқа ғұмырында жазушы 7 повесть, 18 әңгіме жазып үлгерді.  Жазушының  қаламынан туған «Нәзік бұлттар», «Екі жүрек», «Сентябрь түні», «Қызыл ай», «Соңғы  хат», «Отамалы» кітаптарын бүгінгі  оқырманға мұра етіп қалдырды. Бұл туындылар жазушының – бірінің ізін бірі суытпай, көз майын тауысып, ақ қағазға сыр шерткен шығармашылық ізденісі. Тіпті 1984 жылы шыққан  «Ақ жауын» атты бір томдығын бүгінгі мектеп оқушылары мен студенттер іздеп оқиды.                                                              Жалпы жазушының қай шығармасын алсақта  өзінің өмірі, өзінің көрген қиыншылығынан туындағандай. Жазушы жүрек ауру сырқатынан 1973 жылдың 1 қазанында қайтыс болып,  туған жері Жарқамыс ауылында 4 қазанда жерленді.  Ол өмірінің соңғы жылдарында ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық қоғам төрағасының орынбасары қызметінде істейді. Қай жерде болмасын, айналасындағы адамдар тағдырына араласа жүріп, солардың өмірі туралы толғанған, сол толғаныстарын қағазға түсіріп кеткен екен.   Қазіргі күнде Қарауылкелді селосында Тобық атында бір көше бар. Жазушыны танытқан да, балапандарын өрбіткен  жанұясымен  бірге  тұрған құтты мекені Ақтөбе облысында  Көкжар көшесі,
19 үйге ескерткіш тақта қойылды.  Өтті жыршым, кетті қыршын жасында,  Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.  Гүл өсіп тұр қабірінің басында,      Жарқамыста жатыр ұйқтап оянбай – деп ақын Есенбай Дүйсенбай толғана жырлағандай жарқ етіп дүниеге келіп, бар болғаны 39 жыл ғана өмір сүріп,  артында өшпестей мұра қалдырған Тобық Жармағамбетовтың өмірі осылайша қысқа болды.        


Жүргізуші:
Кетсем де қалды шуағың,
Шығармаларың-бұлағың
Өшпейсің әркез естесің,
Сөздерің тасқын, тың ағын. –деп  Арай Артыққызы айтқанындай  Тобық шығармаларымен  балалар кітапханасының кітапханашысы Бақыт Бақтияр таныстырады.
Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» әңгімесі
«Оқитын өлке» акциясына таңдалынып алынды. Белгілі сыншы Зейнолла Серікқалиевтің «Отамалыны»  талдай келіп Бұл әңгіме не үшін керек ?  «Бұл әңгіме ата-бабаларымыздың өткен  өлмеші өмірін ауыр азалы  тіршілін танып, түсіну үшін керек. Бұл әңгіме бүгінгі  бақытты бағалай білу үшін керек!»– деп аяқтаған.
Жүргізуші:
«Отамалы» әңгімесіне кітапхана библиографы Шайхина Райса Мағзұмқызы тоқталып өтеді.
Жазушы Тобық Жармағамбетовтың  «Отамалы»  әңгімесі әдебиетіміздің алтын қорына кірген асыл мұра боп қалмақ Бұл Отамалы әңгімесінің бас кейіпкері – Отамалы  қойшы.Ол бүкіл  өмірін  Жапан байдың  есігінде, қойдың соңында  өткізген. Ол кішкентайынан ата-анасынан айрылып , жақын-туыстың аялы алақанын сезбей,  жалғыздық ғұмыр кешкен.  Баспанасы  кішкентай ғана лашық болған.  Оның  лашықта   жүн  көрпесінен басқа ештеңе жоқ. Отамалы осы күні қой бағудан қашқақтап еді, бірақ оны түсінетін  Жапан бай болмады.  Отамалы қараңғы лашығына келіп, шақпақ таспен отын жағып , үлкен ойға шомып , өзінің жалғыз досы, қасындағы панасы  болған төбетінің кіріп келгенін де сезген жоқ. Сол кеште Отамалы  бір отар  қойды  алдына  салып  қой бағуға кіріседі.Таңға жақын «ызғырық жел»   пайда болады. Желдің күштілігі сонша қойлардың маңырағаны естілмей кетеді. Екінші  күні   қар жауып, Отамалы тоңа бастайды.  Қардың жауғаны соншалық ешкілердің мүйізі, қойлардың құйрықтары ғана көрінеді. Осылай  боранмен арпалысқан екі күн өтті.
Үшінші  күні Ауыл болса жеткізер емес, Отамалыдан
әл кетіп, адасқанын сезіп, көзіне жас алды.бір кезде өздеріне пана болар қамыс кездесіп қамысты тұтатып, оттың қызуына тірі қалған қойлар да жинала бастайды.Біраздан кейін ол өзінің көзі жұмылып бара жатқанын сезеді, ол өзінің лашығын елестетеді де ұйқыға кетеді. 


Қанша уақыт ұйқтағаны белгісіз  қойлардың дүрсілінен оянып  кетіп өзеннің дүрсілі ме деп ойлап жатады да , өзінің далада жатқаны есіне түсіп орнынан ұшып  тұрады.
 «Қасқырлар»
Отамалы ыққа қарай жүгірді.Дүбірге қарағанда қойлар да солай ысырылған.Тобырдың арты қамыстан жаңа шығып жатқан болу керек, сынған қамыстардың сартылы құлақ тұндырады.Маңай қой маңырауына толып кеткен.
Кенет қойдың бір тобы Отамалының үстіне лап беріп өтті де, оны көміп жіберді. Отамалы құлап түсті Ол жүндер мен тұяқтардың, қойлардың денелерінің астында тұра алмай қалды.Енді босанып соңынан тұра бергенде, төбетінің қарс алдынан арс ете қалғанын естіді.
Отамалы енді ғана байқады, алдында бес қадамдай жерде боранмен аралас екі отты көз жақындап келеді екен. Отамалы бұға қалды да, таяғын оңтайлай берді. Отты көдер боранды жарып, жанынан зулап өте берген мезгілде ол салмақты таяқты бір-ақ сілтеді. Дала шырағы төңкріліп түсті. Отамалы жалма-жан беліндегі пышағын суырып алып, кеуде тұсынан бір бойлатып жіберді де, оның көзіне қарап еді, оты сөніп үлгерген екен.
Ол қойлардың артынан жүгірді. Екінші қасқырды төбет жайратыпты. Бір мезгілде ол қасқырдың ішек-қарнын аузына тістеп, отамалыға жетіп келді. Отамалы төбетіне риза, көрдім дегендей бас изеп, қуана ниет білдірді. Төбет қайта зымырады.Қойлар шығана қашқан, Отамалы екі өкпесін қолына алып жүгірді. Түнгі ұйқы біраз тыңайтып тастағаны білініп тұр. Сонда да қой тобырына әрең ілесті.Отамалы  қанша жүгіргенмен ілесе алмады, тек қана сенгені төбеті еді.
Бие сауым уақыт өткенен кейін арсалаңдап төбет Отамалыға жетіп еркелей бастады. Отамалының көзінен жас ыршып кетті.Төбеттің  денесін ұстап көріп еді еш жараланбаған екен. Тек жүрегі ғана қатты соғып тұр.Отамалы әрі қарай қойларына кетті.
Төртінші түн.Қатты соққан желмен қойлары да көшіп келеді екен. Бірақ Отамалының аяғы қарып, үсіген өкпесіне  біреу гайза  сұғып алғандай болып, бүкіл денесімен селкілдеп кетті.
Бесінші күн.Қойлар қоздайтын уақыт жетті.Алғашқы қой қоздаған кезде Отамалы өзін ұмытып етті. Бишара қойлар  қозысының денесін жалап жатыр екен. Содан бастап қойлар жаппай  туа бастады. Отамалының есі ауып кеткендей. Ерні кемсеңдеп, ақ қарға көз жастары үзіліп түсті.Кенет құшақтап тұрған қозысы жерге түсіп кетті. Қардың тереңдігі сондай жерге түскен қозылар қарға түсіп көрінбей кетеді.Отамалы да оның соңынан жерге үшып түседі. Үсіген қолдары қозыны ұстай алмады, қойлар маңырап, жаны шығып барады. Адам түгіл қойлардың да беті көзіне мұз қатып қалады. Ең аяғы қойлардың көзінен аққан жастары да қатып қалған. Өлген қойлар мен қозыларды көрген  Отамалы  ызаға булығып:   «О, Жапан обалы жібермесін» -деген ызалы сөзі аузынан шығып кетеді.
Осылай бес күн, бес түн табиғатпен алысқан  Отамалы  бір құлыптасқа кездесіп  екі қолын таянып отырып қалады.  Ештеңе ойлауға мұршасы жоқ. Кесек мұз. Түсі сұп-сұр.Бет аузында адам көрер жер жоқ. Ысылағаны соншалық, киімдерінің  барлығын шешіп тастайды.Ақыры жалаңаш денесімен қарға құлап түсті.
Бірақ Отамалының  тек жүрегі ғана тоқтады, ал рухы өлген жоқ, ауыздан ауызға тарап, аңызға айналып кетті. Оның есімін халық өз жанында сақтап қалды. Сол  бес күндік боранды ел-жұрт «Бес қонақ» деп атап кеткен.. Жыл сайын қар кетіп, жер бедері жұмсарған кезде қайта оралып соғатын ызғырық жел осы аңызды еске алады. Отамалы Әңгімесі  біздерге бүгінгі бақытты өмірді бағалау үшін  керек
Жүргізуші:
Жазушы ағамыздың жары Сәпия Жармағамбетова апамызбен  Тобық ағамыз туралы естеліктерін біздің оқырмандарымызбен бөлісуді өтінеміз.
Сәлеметсіздер ме қадірменді Сапия, Әсем апалар! Заманауи техникалық арнасында сіздермен жүздесіп, сұбхаттасуға мүмкіндік алып отырмыз.
Алғашқы сұрақты Тобық ағамыздың  шығармашылығының, артында қалған мұрасының  шырақшысы Сәния апа сізден бастасақ дейміз.
Тобық ағамыз туралы естеліктеріміздегі соның ішінде
«Нәзік бұлттар», «Соңғы хат» шығармаларының жазылуы туралы ой бөліссек.
 Сөз кезегі  Сәния апайда.
Жүргізуші: Жазушы шығармаларының жанашыры, бауыры Әсем Жармағамбетова апаймен сұхбат
 Жазушы шығармасындағы «Қара жаңбыр», «Майлы аяқ» әңгімелері өз өміріңізден өткен өмір өткелдері:
«... Сарғыш тартқан қу қамысы салбырап тұрған төбегеқазандықтан шыққан от лап бергенде, үйде ұйықтап жатқан кәрі кемпір мен екі жастағы ес білмейтін сәбиден бөтен ешкім жоқ еді. Тек далада қыстан қалған бір үйім сойдақ шағырдың үстінде бір жарым жастағы күшік – Майлыаяқ жатқан болатын.
Сарғыш тартқан мыңдаған оқырмандар үшін бұл жолдар  шағын ғана әңгімесінен үзінді болса, ал бүгін біздің бүгінгі сұхбаттасып отырған Әсем апай үшін – өз өмірінің, алыс қалған күндерінің бір көрінісі, жүрегіндегігі жазылмаған жарасы. Ендеше Әсем апа  бауырыңыз жайында, шығармасындағы кейіпкерлер жөнінде өзіңізден естісем дейміз
Жүргізуші:
Тобық Жармағамбетовтың  классикалық үлгіде жазылған мықты әңгімелерінің бірі «Қызыл ай» Бұл кітапта 1968 жылы «Екі жүрек» деген атпен жарық көрген болатын.Қалың оқырман  қауымның жылы қабылдаған шығармаларының бірі.  
«Қызыл ай» әңгімесіне  Оқу залының кітапханашысы.
 Туребаева Диана Қуанышқызы тоқталып өтеді.
Тобық Жармаганбетовтың  « Қызыл ай » повесінен  үзінді келтірейін. Бұл шығармада  Шалпық пен Нәбияның өмірлері жайлы жазылған, Шалпық колхоздың малын бағып Нәбия баласы Телеміспен үй шаруасында болады. Телеміс олардың екінші баласы, бірінші баласы қыз болатын, бірақ ол бір жарым жасында қайтыс болған. Бір күні ат арбалылар келіп,  ешбір себепсіз халық жауы деп - Шалпықты Ақтөбе түрмесіне жабады. Содан соғыс басталып, Нәбия ауыл әйелдерімен қара жұмысқа араласап кетеді, Шалпықтың  Қалдығара мен Танау атты екі інісі бар еді, соның үлкені Қалдығараның  Нәбияға  қол ұшы тиеді, Танау болса әлі жас, мектеп оқушысы . Екі – үш аптадан соң Нәбия  ірімшік, құрт, майын арқалап Ақтөбе келіп, қала  шетіндегі түрмеге барады. Бірақ  Нәбия ішке кіріп сөйлесе алмайды. Бір қара қазақ: « Киіміңнің біреуін бер,мен апарып беремін,сосын ол кімнің келгенін біледі, бөтен жолығысу жоқ, ал тамақтарыңды беруге болады»-дейді. Нәбия басындағы шашақты орамалын, ал Шалпық тақиясын шешіп  беріп жібереді. Сол уақыттан кейін Нәбия Шалпықтан еш хабар алмады, тқайда кетіп ,тқайда тұрып жатқанында, өлі-тірісінде білмеді . Сөйтіп жүргенде Соғыста бітіп, жұртың көбі оралады. Шалпықтан еш хабар болмады. Осыдан үш жыл бұрын тұтқыннан қайтқан біреулер оны көрдік, қайтыс болды, өз қолымызбен жерледік деген соң. Әлгі көзіммен көрдім, қолыммен жерледім деген сөзді естіген Нәбия мүлдем шөгіп кетеді. Өміріндегі бүкіл қызығын жоғалтқандай , күні сөнгендей боп қатты қиналды, Осы кезде Телемісте үшінші сыныпта оқитын. Сөйтіп жүргенде  Нәбияға колхоздың председателі Төрехан келгіштей беретінді шығарды. Оның әйелі аурадан қайтыс болған. Қолында екі баласы қалыпты. Бірде Төрехан Нәбияны алып кетуге келеді. Ал Қалдығара мен Танаудың да Нәбияның  күйеуге шығуына ризалықтары жоқ.                                                                                Бір мезетте Қалдығара :  - Беретін адамымыз жоқ! Тартып алам демесеңіз. Шалпықтың шаңырағын құлата алмаймыз дейді.                         
 Сол кезде Төреханда:                                              
 - Сіздердей екі ер-азамат тұрғанда, ешбір шаңырақ құламайды. Телемісте амандық болып, ер жеткесін өз ұясына қайтып келеді.                                     -       Ендеше, алатын кісілеріңді ала беріңдер, бірақ Телемісті бермейміз!-дейді Танау. Бірақ Нәбия қоймай Телімісті алып Төреханмен еріп кетеді. Телемісте жетім көңіл жарықшақ дегендей, Әке,әкешім! қайда тастап кеттің, қор болдым ғой, кімге тастап кеттің деп өксіп жылап барады. Бірақ Телеміс Төреханның екінші баласы Жұбаниязбен жақсы дос боп кетеді.Телеміс мектепке барарда Төрехан Телемісті өзінің тегіне Меңдіғалиев етіп жаздырады. Телеміс мектепті жақсы аяқтап, Ақтөбеге педучилищеге түседі. Бірде қаладан бір ескі танысын кездестіріп ауылға әкесінен хат келгенін, әкесінің тірі екенін естиді. Әкесінің мекен-жайын алып жатақханаға келе әкесіне хат жазады.  Содан Телеміс әкесімен кездесіп, Әкесі екеуі ұзақ сөйлесіп , бір неше күн бірге болады. Быраз уақыттан соң.      Телеміс әкесіне :         Әке енді сіз қайда барасыз?     Әкесі:  Басын төмен салып –білмеймін - дейді.
    -Ауыл ше?  Менде ауылға барайын оқу біткен соң.    Ал әкесінің туған ауылында да қазір еркін кіріп бара қоятын бір үйі жоқ екенін де іштей ойлап отыр. Содан әкесі  Орынборға кететін болып шешеді, ол жақта інілері Қалдығара мен Танау тұратын.  Орынборда інілері  Шалпыққа жалғыздық қиын болар деп, өзі қатарлас бір жесір, жалғызбасты әйелге қосқан. Совхоздың жеңіл-желпі жұмысына кіргізген. Енді Телемісте қысқы демелысын алып, әкесіне келеді.  Сонда Әкесі Телеміске:                                                                                                                -Телемісжан  қай жағыма қарасам да жұрттың бәрі менен әлдеқашан озып кеткен сияқты, тіпті мені ұмытып кеткен, менен қашатын сияқты. Ел деп еңіреп келгенде, ол жерде де ошағым қалмапты. Менің жаныма қатты батқаны - алғаш ауылға келгенде не әйелімнің, не сенің болмағаның. Менің сонау жылдарда қисайған шаңырағымның, түгі қалмай қирап қалғаны, Орнын сипап ештеңе таба алмадым. Менің соңымнан ерген  жалғызым сен, жас болсаң да , бала болсаңда, жетім болсаңда мен келгенде кіретін үйде отырғаның дұрыс еді .                        – Ең аяғы тегіңдіде  да сақтамапсың,- деді ауыр күрсінген   Шалпық. Телемісте еш жауап қатпастан. Соңғы  кетердегі сөзі:                                                             - Оқуды бітіргесін бірге боламыз, Әке! Денсаулығыңызды күтіңіз – деп  қоштасты.




Жүргізуші:
Ақырыс Сейітқазының « Кір шалмаған көңілің »-   
өлеңін кітап қорын толықтыру бөлімінің  кітапханашысы Каримова Ажар Әбдірешқызы оқып береді.

Терең ойлап, жаққан отын сенімнің,
Тірегі боп отбасы мен теңінің.
Түлеп ұшқан Байғаниндей өр елден,
Тобық аға, мақтанышы елімнің.

Мінезің жаз, көңілің күн көктемсің,
Отаныңды құрметтеумен өткенсің.
«Нәзік бұлттай» қалықтап ап көгімде,
«Ақ жауын» боп мұң-зарыңды төккенсің.

Шуақ болып еліңе сен төгілдің,
Кір шалмады жүзін таза көңілдің.
Алай-дүлей «Отамалы» кезінде,
Өткергенсің қиын шағын өмірдің.

Прозада алдына жан салмаған,
Саған арнап кім асыл ән салмаған?
«Екі жүрек» шерткенде сыр пернесін,
Таңданбаған өзіңе жан қалмаған.

Шығармаңыз шыға біліп талғамнан,
Арыла алмай асқақтаған арманнан.
«Соңғы хатты» жаздың да сен, ағажан
Кете бардың мынау жырақ жалғаннан.

Асуларың көп еді әлі алмаған,
Қыран едің ел көгінде самғаған.
Келешекке қадам басқан үмітпен,
Жас ақынның саған жыры арналған.
Жүргізуші:
Дос едік көңіл қимас бала жастан,
Ол достық – жазылмаған мол бір дастан.
Қазақтың әдебиет әлемінде
Тұр бейнең соғылғандай мәр-мәр тастан.
Халқың барда есімің мәңгі жасайды
Ғалымның хаты өлмейді , - дейді о бастан
Шахмет Селбайқызының сөзімен бүгінгі шарамызды аяқтай келе сөз кезегін кітапхана директоры Исатаева Бибігүл Көпжасарқызына береміз.




Пайдаланылған
  әдебиеттер көрсеткіштері.

Тобық Жармағамбетов. Ақтөбе кітапханасы шығармалары.
 12т.-Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖСШ. 2013.-448 бет.

Тобық-тағдыр. 
Жазушы Тобық Жармағамбетовтуралы  естеліктер.  
Құрастырған: Әсем Мырзағұлқызы.
 Ақтөбе, «NOBEL» баспаханасы, 2012 жыл. 408 бет.
ЖармағамбетовТ
Отамалы.Әңгімелер мен хикаяттар/Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғы сөзін жазған З. Серікқалиұлы.-Алматы: «Раритет», 2002.-212 бет.

Ашықпаев Ертай, Мұратына асыққан мұра
/ Е. Ашықпаев//Ақтөбе.- 2014ж.- №1-2.- 7 қаңтар.- бет1-4.
Елшібек Жанат, Жоқ ол ұмытылмайды
/ Ж. Елшібек//Егемен Қазақстан.- 2014ж.- №55.- 21 наурыз.- бет 1-4.
Жармағамбетов Нұрлан, Қазақтың Қанышы: Егемен Қазақстан / Н. Жармағамбетов//2009 .- № 131 - 132 .- 11 сәуір .- бет 6.
Кемелбаева Айгүл, Отамалы әссе / А. Кемелбаева//Ақтөбе.- Ақтөбе.- №39-40.- 3 сәуір.- бет2-6.












Комментариев нет:

Отправить комментарий