Мұқтар
Құрманалин
Тобыққа
Бас иетін ізетпен мол дарынға
Өмірдің жастық атты гүл бағына,
Жүруші едік Тобық-ау құл ұсттатып,
Ақтөбенің Октябрь бульварында.
Сырымызды оңаша жиып,шашып
Жүруші едік жұп жазбай, иықтасып.
Кемерінен
асатын көңілі шіркін,
Арманның
теңізіне құйып тасып.
Өте бере
мәңгі от, үй қасынан,
Кейде мұнды, ақырын айтатын ән.
Сонда екеуміз талай сыр шертетінбіз,
Өмір менен
өнердің ұйқасынан...
Бауыр едік
секілді іні, ағалы,
Бөлді тағдыр. Көзден жас домалады.
Қиын екен
жас терек құлағаны,
Қиын екен ел-жұрттың жылағаны.
*********************************************
Батан Отарбаева
60 жасқа арнау
Туындың «Екі
жүрек,» «Нәзік бұлтта»
«Қызыл ай», «Сентябрь түн»,
«Соңғы хатта»
Кітаптың тартымдысын
содан білің,
Оқушың біліп алды
сөзін жатқа.
Білімін жастайынан
тереңдеткен,
Қырыққа да жоқ еді
әлі жеткен
Сұм ажал қаталсың-ау қандай неткен
Тобықты арамыздан
алып кеткен.
Өмір деген соққан
сағат тіліндей,
Жүрек тоқтат өзіне
де білінбей
Аға ұрпақтар сені
білер ел, халық,
Бәрі еске алады
туыс аға-ініңдей.
Елу
үштің наурыз айы болатын
Тобық
жас қой ол уақытта бала тым.
Қызыл
жалын үймен бірге ап кетті
Кәрі
әжемен екі бірдей қанатын.
Қара
түтін қаптап кетті үй-ішін
Деп
те жатыр үйге кірмең күйесің
Болмай
кірді терезеден екі адам,
Нәрестемен
алып шықты үй есін.
Қайғылы
күн кетер емес жүректен
Көрген
пенде оны ойласа дір еткен
Өзі
өлседе Тобық сөзі өлмейді
«Соңғы
хаты» осы өртті де жыр еткен.
Өткізді
ана төрт баламен жастығын,
Ескермеді-ау
қарны тоймас аштығын.
Жазылмайтын
тап болды ана кеселге
Төрт
баланы күннен күнге басты мұң
Деуші
едің туған жерім Жарқамысым
Болған
жоқ ешуақытта жалған ісің.
Топырағың
торқа болып, көлеңкеле
Жарқамыстың
әр талын, әр қамысын.
***************************************************************
Ақ
жаңбыр
Есенбай
Дүйсенбаев
Өмір деген өксігін бір қоя алмай,
Өтті жыршым, кетті
қыршын жасында Жарқамыста жатыр ұйықтап оянбай
Гүл өсіп тұр
қабірінің басында.
Көк үйірімді
көңілінің көп еді
Күз желіне күміс
моншақ төгеді
Кәрі Жемнің
изені мен қияғы.
Жан дүниесі жас
майсадай жұмсақ ұл,
Туған жердің ту
көтерді ол
атын.
Оның үшін осынау бір
құм шағыл
Ақындықтың
пайғамбары болатын.
Жалынға орап жазған прозасынан,
Шалқушы еді өмір поэзиясы,
Көктеміңнің мизам
ұшты басынан,
Бір бұлбұлдың көрінбейді
ұясы.
Табиғаттың
таңғажайып бау шағы,
Тебірентпес
тыныштыққа бөленді.
Ақтөбесін ақ
нөсердің саусағы
Әлдилесе, естімейді ол енді.
Өтті жыршым, кетті
қыршын жасында,
Бұл өмірдің
қызығына тоя алмай
Гүл өсіп тұр
қабірінің басында, Жарқамыста
жатыр ұйқтап оянбай.
Ұйықтамас тек ақ
жүректен құт қашып
Шапағатты назын
шерткен шабдал жыр
Күзгі аспанда Нәзік бұлттар тұтасып,
Жауайын
деп келе жатыр Ақ жаңбыр.
*****************************************************
Тобық ескерткіші басындағы ой
Қалауов Нұрлыбек
Ұстаз
Көп еді көкірегінде жалынды ой,
Бәрі де
тағдырыңа бағынды ғой.
Басыңды бір
көтерші қайран
Тобық,
Халқың мен
«Нәзік бұлтың» сағынды ғой.
Қайнардан қайнап
шыққан бұлақ едің,
Майда ерке
толқыныңмен ұнап едің.
Теңізге ұлассын,
- деп тілеуші едік
Дертіңнің таба алмадық бірақ емін.
Тұрмадың
шөлімізді қандырғанша,
Тірлікте
айтылмаған ән-жыр қанша.
Достарың сені
жоқ деп айта алмайды,
Түсесің есімізге жаңбыр жауса....
******************************************************
Комментариев нет:
Отправить комментарий