Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан аққан күміс Жем,
Сол жерде менде асыр сап,
Сол Жемнен менде су ішкем.

Тобық

Тобық туындыларындағы қанатты сөздер

                                  Тобық туындыларындағы қанатты сөздер

1.      Өмір дүние сияқты дөңгелек емес, ол екі айналып келмейді.

2.      Арам өмірден адал өлім артық! Ол – қасиетті өлім!

3.      Өмірден жабысып айырылмайтындар тек қорқақтар ғана! Өмір үшін олар бәрін сатады. Жалғыз адамның өмірінен де жоғары нәрселер бар шығар дүниеде! Өмір сүрсең, соны ұмытпа!

4.      Ақылдының алды ашық.

5.      Ақыл дейтіннің өзі тау басына шығаратын баспалдақ сияқты нәрсе екен ғой.

6.      Ой деген жай оты.

7.      Адамда өмір қысқа, айуанда ақыл қысқа.  Жаратқан ием де жандылардың ішіндегі ең асылы-адамға таудай ақыл беріп, орташа ғана өмір сыйлаған.

8.      Адам екі қырлы алмас сияқы.

9.      Асылы еменді шыбық қылатын, шортанды шабақ қылатын да заман-ау.

10.   Жақсының жақсылығы – дұрыс жолға түсуден.  Жаман жаман болмайын демейді,     Жол таңдай алмай сорлайды.

11.  Ер жігіт өзін ойламайды, елін ойлайды.

12.  Өлім – өлген адамға қиын емес, арттағы адамға қиын.                                            Өлуші бір рет өледі,   Сенің шешең өз өліміне жеткенше мың өледі, Балаң жүз өледі,    Әйелің он өледі.

13.   Адам өмір сүріп, дені сау жүргенде өмірі өлмейтін сияқты көрінеді.

14.   Тәуекелге бел байламаған адам өмірі ештеңе істей алмайды.

15.   Бақыт бір орында тұрмайды, ол ылғи алға жүріп отырса ғана бақыт болып қала алады.

16.   Ұзақ уақыт жақсы бола алған адам – бақыт иесі.

17.   Ата жаумен шайқаста өлген де бақыт жер басып, айдың, күннің, өз ауылыңның шуағында жүрген де бақыт. Бақытсыздық – жалғыздық.

18.   Жаман адам мен шірік ағаш сынғыш болады.

19.   Өмір деген бір ағын су.

20.   Табиғат аясында жан-жануар, орман, көл, даланы сүйіп өскен адамнан пысықтық аз кездеседі.

21.   Бар білінбейді, жоқ жылатады.

22.   Өмір аттың тұсауынан да қысқа.

23.   Байсыз ел жоқ, сайсыз жер жоқ.

 Байсыз мал жоқ, малсыз жан жоқ.

24.   Кім батыр болғысы келмейді, жүрегі дауаламайды,   Кім бақытты болғысы келмейді, құдайы қаламайды.

25.   Қаптаған сел келсе де, қатты қарағай қалады,                                                           Қаптаған жұрт келсе де қара бүркіт қалады.

26.   Үйдей пәле келсе де тәуекел атпен қалады.

27.   Ағашқа жапырақ жарасады,   Еркекке әйел жарасады.

28.   Жас бүркіт бар тауда туып, таста өскен; Жас жүйрік бар, ойда туып қыр кешкен;      Жас жігіт бар қырда туып, нұрда өскен.

Комментариев нет:

Отправить комментарий